Желі қолданушыларын "Ақылды домофонның" ер адамды үйге кірізбей қойған видеосы күлкіге қарық қылды деп хабарлайды zakon.kz.
Ер адамның үйіне кіре алмай, әбден титықтаған ыңғайсыз жағдайы көрші - Ресейде болған. Видеодан адамның есікті жұлқылап, ақыры роботты балағаттап, оның сөздеріне жауап бергенін көруге болады. Бірақ техниканың аты техника. Қанша "ақылды" болса-дағы, шешіліп сөйлеген адамның тілін сол күйі түсінбеді.
Ақыры ер адамды танымаған робот оны үйге кіргізбеді.