Конор Макгрегор италиялық диджейдің мұрнын сындырып тастаған

Енді диджей ирландиялықты сотқа беремін деп отыр.

Конор Макгрегор италиялық диджейдің мұрнын сындырып тастаған
фото: ашық дереккөз

Италиялық диджей Франческо Факкинетти өзіне Конор Макгрегордың шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол instagram-парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz.

Оның сөзіне қарағанда, спортшы оған еш себепсіз жұдырық ала жүгірген, осылайша, ондаған куәгердің алдында мұрнын сындырған. Енді диджей ирландиялықты сотқа беремін деп отыр.

Факкинеттидің жұбайы Макгрегор Италияда 26 қазанға дейін болатынын айтты. Ол файтерді қатыгез әрі қызуқанды деп айыптап, бәрін одан алыс жүруге шақырды.