Әйгілі Роналду да коронавирус жұқтырып алды

Еске сала кетсек, бұған дейін "Ювентустың" бірнеше футболшысы коронавируспен ауырған болатын.

Әйгілі Роналду да коронавирус жұқтырып алды
фото: 24betting.ru

Әлемнің үздік футболшыларының бірегейі, туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Португалия футбол федерациясы мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Ювентустың" бірнеше футболшысы коронавируспен ауырған болатын. Қазір Роналду оқшаулануға жіберілді. Әзірге ол Ұлттар Лигасының матчтарында ұлттық құрамада ойнамайды.

Соңғы екі аптада Еуропада коронавирустық инфекцияның екінші толқыны байқалды. Ауру жағдайлары А сериясының бірнеше клубтарында анықталды.