Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторында отыр

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіндегілердің айтуынша, Атамбаев жаппай тәртіпсіздікке кінәлі деп танылған.

Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторында отыр
Фото: ru.interaztv.com

Сот Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаев үшін бұлтартпау шарасын әлі таңдамады, деп хабарлады paryz.kz24.kg басылымына сілтеме жасап.

Қорғаушысының айтуынша, Алмазбек Атамбаев ұстау мерзімінің өткеніне қарамастан, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторында отыр. 

"Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіндегілердің айтуынша, Атамбаев жаппай тәртіпсіздікке кінәлі деп танылған, бірақ, ешқандай ресми құжат бермеген. Ұстаудың 48 сағаты өтіп кетті, бірақ, оған бұлтартпау шарасы таңдалмады. Бұрынғы президентті неге қамауда ұстап отырғаны түсініксіз", - деді Замир Жоошев.

Еске салайық, Бішкектегі Ала-Тоо алаңында 9 қазанда өткен жаппай тәртіпсіздіктен кейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстаған болатын. Оған жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды.