Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Пәкістан ядролық бағдарламасының басшысы көз жұмды

Алайда 2004 жылы ол Иран, Ливия және Солтүстік Кореяға ядролық құпияларды заңсыз бергені үшін қамауға алынады.

Пәкістан ядролық бағдарламасының басшысы көз жұмды
фото: babel.ua

10 қазанда Пәкістанның ядролық бағдарламасының атасы саналатын  ядролық физик Абдул Кадир Хан 86 жасында Исламабадта COVID-19-дан қайтыс болды деп хабарлайды Paryz.kzТАСС-қа сілтеме жасап.

Физик KRL ауруханасының реанимациясында қайтыс болды. Ол Фейсал атты мешітте жерленеді. Оның құрметіне бірнеше естелік іс-шара өтпек.

Батыс барлау офицерлері оны әлемдегі ең қауіпті адамдардың бірі деп атады, өйткені ол атом бомбасын жасау технологиясын Солтүстік Кореяға, Иранға және Ливияға берді.

Диссертациясын қорғағаннан кейін доктор Абдул Кадир Хан Амстердамдағы URENCO (уран байыту бойынша әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі) компаниясымен байланысты физикалық зертханада жұмыс істеді.

1974 жылы Үндістанның ядролық қаруын сынағаннан кейін, URENCO-да жоғары лауазымды атқарған Абдул Кадир Хан ядролық қаруды жасауға қажетті білімі бар болғандықтан Пәкістанға оралуға шешім қабылдайды.

1998 жылы 28 мамырда Пәкістан байытылған уран негізіндегі алғашқы ядролық бомбасын сынап көрді. Бұл оқиға бүкілхалықтық мерекеге себеп болған.

Алайда 2004 жылы ол Иран, Ливия және Солтүстік Кореяға ядролық құпияларды заңсыз бергені үшін қамауға алынады. Пәкістан жұртшылығын ядролық физиктің өлімі шошытты.