Тұрғындар мен үйдің жанында тұрған көліктер үйінді астында қалған.
Грузияның Батуми қаласында жеті қабатты тұрғын үй опырылып түсті. Салдарынан бірнеше адам қаза болды деп хабарлайды Paryz.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Тұрғындар мен үйдің жанында тұрған көліктер үйінді астында қалған.
Құтқарушылар көз жұмған бесінші адамның денесін алып шықты. Біздегі мәлімет бойынша ол кәмелетке толмаған, - делінген жергілікті телеарнаның хабарламасында.
Қазір оқиға орнында 300-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр.