Қазақстанда әлеуметтік желілердің не үшін істемей қалғаны анықталды

Қалпына келтіру компания өкілдері Facebook сервистеріндегі ақаудың себебі динамикалық маршрутизациясы хаттамасының жаңарту болды дейді.

Қазақстанда әлеуметтік желілердің не үшін істемей қалғаны анықталды
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желі қолданушылары Facebook пен Instagram-ның қалыпқа келгені туралы хабарлауда, платформаларда трафиктің өсуі байқалады деп хабарлайды Stan.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Kentik желілік шолу сервисінің деректері бойынша, Нұр-Сұлтан уақытымен 21.39-да жоғалып кеткен Facebook сервистерінің интернет-трафигі 5,5 сағаттан кейін қайта пайда бола бастады.

Сондай-ақ пайдаланушылар әлеуметтік желілерге деген қолжетімділікті қалпына келтірілгенін айтады, алайда соның өзінде кейбір ақаулар бар.

Қалпына келтіру компания өкілдері Facebook сервистеріндегі ақаудың себебі динамикалық маршрутизациясы хаттамасының жаңарту болды дейді.

Downdetector қызметі Facebook-тегі ақаудың 17 жылда болған ең үлкен проблема болғанын айтты. 

Facebook-тегі ақау біз Downdetector-да байқаған ең үлкен ақау болды, бүкіл әлемнен проблемалар туралы 10,6 миллионнан астам хабарлама келді, – делінген Twitter-де.

Еске салсақ, ел аумағында белгілі әлеуметтік желілер жұмыс істемей қалған еді.