Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Душанбеде сайлау нәтижесінен кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Үкімет ғимаратының маңына қарулы күштердің арнайы техникасы мен адамдар жиналған.

Душанбеде сайлау нәтижесінен кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Фото: tengrinews.kz

Тәжікстан астанасы Душанбеде президент сайлауының қорытындысы шыққаннан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлады paryz.kzРИА Новости-ге сілтеме жасап.

Душанбенің орталық көшелерінде патруль күшейтілді, Орталық сайлау комиссиясы баспасөз орталығының жанындағы дәмханалар мен мейрамханалар уақытша жабылды. Үкімет ғимаратының маңында қарулы күштердің арнайы техникасы мен адамдар жиналған.

ОСК баспасөз орталығының ғимаратына кіреберісте де қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Кешеге қарағанда, бүгін журналистер алдын ала дайындалған тізім бойынша кіргізілді және олардың сөмкесі, техникасы қоса тексерілді.

Өткен президент сайлауында да, көктемде өткен парламент сайлауында да мұндай шаралар болмаған екен. 

Еске салайық, бүгін Тәжікстандағы президент сайлауының қорытындысы жарияланды. Тәжікстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Эмомали Рахмон сайлауда 90,92 дауыс жинаған. Ал сайлауға қатысқандардың жалпы саны 85,39 пайызға жеткен.