Кейбір ата-аналар жүйені электронды білезік көмегімен бақыланатын қылмыскерлермен салыстырды.
Қытайдың Чжухай қаласындағы бастауыш мектептердің бірінде эксперимент ретінде оқушылардың формасына микрочиптер қойылды деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Цифрлық форманың бұл түрі мұғалімдер мен ата-аналарға балалардың қозғалысын бақылауға және оқушының асханада немесе дәретханада қанша уақыт өткізгенін нақты білуге мүмкіндік береді. Егер бала қауіпті жерде болса, жүйе ересектердің ұялы телефонына сигнал жіберетін болады.
Жаңалық тек жақсы жағынан қабылданған жоқ. Кейбір ата-аналар жүйені электронды білезік көмегімен бақыланатын қылмыскерлермен салыстырды.
Қытай бейнебақылау камераларын қою бойынша көшбасшы ел саналады. Кейбір мектептерде камералар сыныптың ішіне қойылған. Бұл арқылы оқушылардың сабаққа қатысып отырғандарын, сондай-ақ олардың оқуға қаншалықты зейін қоятындарын бақылауға болады.
Бұған дейін Қытай билігі кәмелетке толмағандардың видеоойындарын ойнауға кететін уақытын қысқартқан болатын. Енді 18 жасқа дейінгі балалардың аптасына үш сағаттан артық ойын ойнауына болмайды.