Зымыран нысанға 2020 жылдың 11 қазанында сағат түнгі екі кезінде түскен.
Әзірбайжанның Генже қаласында зымыраннан қираған нысанда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлады ҚазАқпарат, AZƏRTAC агенттігіне сілтеме жасап.
Зымыран нысанға 2020 жылдың 11 қазанында сағат түнгі екі кезінде түскен. Әзірбайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылардың ол жерден 17 адамды алып шыққанын, оның 9-ы қайтыс болғанын хабарлады.
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан жауапты ведомстволар қираған нысанның астында ешкімнің қалмағанын, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталғанын жария етті.