Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Ер адам әйелін тексерген дәрігерді соққыға жықты (ВИДЕО)

Бірақ ол келіншекке ұнамады, ол тексерісті әйел дәрігер өткізуін сұрады.

Ер адам әйелін тексерген дәрігерді соққыға жықты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ресейдің Нижневартовск қаласында ер адам мұсылман әйелін тексерген дерматовенерологты соққыға жықты. Оқиға 21 қыркүйекте бақылау камераларына түсіп қалған деп хабарлайды Paryz.kz, Mash-қа сілтеме жасап.

Дәрігер Владимир Жерноклеев әдеттегідей науқастарын қарап жатқан. Түстен кейін оған мұсылман келіншек келген. Дәрігер оны медициналық тексерістен өткізу керек еді. Бірақ ол келіншекке ұнамады, ол тексерісті әйел дәрігер өткізуін сұрады. Жерноклеев мұндай сұрақтармен басшылыққа жүгіну керектігін айтқан.

Бірақ науқас көп ойланып, ақырында келісімін берген. Дәрігер әйелдің ішінің бір бөлігін тексерген, бірақ келіншек түк түсіндірместен кетіп қалған. Артынша дәрігерге әйелдің күйеуі кіреді. Әйелдердің ішін ұстағанды ұнатасың ба? деп, соққыға жыққан.

Дәрігердің миы шайқалып, басы жабық жарақат алған. Ер адам ұсталды. Зардап шеккен дәрігер өзінің тәжирбесінде әйелдерді, оның ішінде мұсылман әйелдерді тексергенін, бірақ мұндай қиындықтар болмағанын айтады.