Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қырғыз президенті Бішкекке әскер мен әскери техника кіргізуге бұйрық берді

Жээнбеков бүгін 9-21 қазан аралығында Бішкекте төтенше жағдай жариялаған болатын.

Қырғыз президенті Бішкекке әскер мен әскери техника кіргізуге бұйрық берді
Фото: newsroom.kz

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекке әскери бөлімшелер мен әскери техника кіргізуге бұйрық берді. Жээнбеков бүгін 9-21 қазан аралығында Бішкекте төтенше жағдай жариялаған болатын.

"Қарулы Күштердің Бас штабы Бішкек аумағына әскери күш пен әскери техниканы кіргізіп, арнайы блок-посттар құрып, қарулы қақтығыстың алдын алып, азаматтар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс", — делінген бұйрықтың бір тармағында.

Қазіргі таңда Бішкекте Алмазбек Атамбаев пен Өмірбек Бабановтың ұйымдастыруымен үлкен митинг болып жатыр.