Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жапонияда әлемдегі ең қарт егіздер тұрады

Еске сала кетейік, Жапонияда қарт кісілердің саны рекордтық көрсеткішке жеткен. 
 

Жапонияда әлемдегі ең қарт егіздер тұрады
фото: guinnessworldrecords.com

Жапонияның 107 жастағы тұрғындары – апалы-сіңлілі егіздер әлемдік рекорд орнатты. Олар әйелдер арасында ең қарт егіз атанды деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24"-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының сайтында жазылған. Рекорд тіркелген сәтте (2021 жылдың 1 қыркүйегі) Умено Сумияма мен Коме Кодаманың жастары 107 жыл 300 күнді құраған. Олар 1913 жылдың 5 қарашасында Кагава префектурасындағы Седо аралында дүниеге келген. Жастайынан екеуі екі жаққан кеткен, бірақ байланыстарын үзбеген. Қарттар үйінде тұратын апалы-сіңлілерге әйелдер арасында тарихтағы ең қарт егіз деген сертификат табысталды.

Еске сала кетейік, Жапонияда қарт кісілердің саны рекордтық көрсеткішке жеткен.