АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Апатқа ұшыраған - оқу-жаттығу ұшағы.

АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)
фото: дереккөз

АҚШ-тың Техас штатында әскери ұшақ құлады. Апат кезінде екі үйге зақым келді деп хабарлайды Paryz.kz.

Оқиға туралы Форт-Уорт қаласының өрт сөндіру және құтқару қызметі мәлімдеген.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қап-қара түтін анық көрінеді. Апат аз қабатты тұрғын үйлер маңайында болған. 

Екі-үш науқасқа көмек көрсетіліп жатыр, — деп жазды өрт сөндірушілер Twitter парақшасында.

РИА Новости агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, апатқа ұшыраған оқу-жаттығу ұшағы. Бұл оқиға Лейк-Уорт қалашығында болды. Ол Форт-Уортке жақын орналасқан. Екеуі де Далластың маңындағы елді мекен. Форт-Уорт қаласында АҚШ әскери-теңіз күштерінің әуе базасы орналасқан.

Жергілікті WFAA медиакомпаниясы екі ұшқыштың қатапультті пайдаланып үлгергенін жазып отыр. Оларды ауруханаға жатқызды.