Ресей Федерациясы президентінің каратэден де қара белбеуі бар.
Ресей президенті Владимир Путин бокс жаттығуы кезінде мұрнын сындырып алғанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей Федерациясының көшбасшысы "Россия 1" телеарнасындағы "Мәскеу. Кремль. Путин" бағдарламасында олимпиадашылармен кездесуде өз естеліктерімен бөлісті.
Үшінші немесе төртінші жаттығуда мұрным сынды <...> Мен ешқайда, дәрігерге де барған жоқпын. Бірақ мұрынға саусақ тигізудің өзі мүмкін емес еді. Сынған! Оның сынғанын кейін білдім. Мұрын қалпына келді, ал мен осыдан кейін күреспен айналысқан дұрыс деп шештім, - деді РФ президенті.
Путин дзюдо мен самбодан спорт шебері. 2006 жылы Еуропадағы Дзюдо одағының құрметті президенті болса, 2010 жылы Ёнин университетінің "Дзюдо докторы" құрметті дипломын алды.
Ресей Федерациясы президентінің каратэден де қара белбеуі бар. 2013 жылы ол Кореяның әскери таэквондодан тоғызыншы данның иегері болды, 2014 жылдың қарашасында "Кекусин-кан каратэ-до" халықаралық ұйымы Путинге "Кекусин-кан" сегізінші данын берді.
Сонымен қатар ол шаңғы мен хоккейді жақсы көреді. Ол табиғат аясындағы демалысты - балық аулауды, атпен серуендеуді және өзенге жүзуді ұнатады.