Ресейде жолаушылар ұшағы құлап, төрт адам қаза тапты (ВИДЕО)

Лайнер жерге құлаған соң, жанып кеткен.

Ресейде жолаушылар ұшағы құлап, төрт адам қаза тапты (ВИДЕО)
фото: РФ ТЖМ

Ресейдің Иркутск облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортында 2 экипаж мүшесі мен 14 жолаушысы болған әуе кемесі ұшып-қону жолағына жетпей, жерге қонуға мәжбүр болған деп хабарлайды Paryz.kz, РИА Новости-ға сілтеме жасап. 

Ресейлік БАҚ мәліметінше, ұшақ апатының салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алған. Лайнер жерге құлаған соң, жанып кеткен. Ұшақ апаты Иркутск облысы Казачинское ауылының маңында болған. 

Қазіргі таңда оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Жарақат алғандар өз бетінше қозғала алмайтын көрінеді. 

Жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды.