Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

"Мәжіліс пен мәслихатқа тәртіпті адамдар келді" - президент

"Біз бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік", - дейді ол.

"Мәжіліс пен мәслихатқа тәртіпті адамдар келді" - президент
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының соңғы сайлауы саяси бәсекелестіктің күшеюіне оң әсерін тигізді деп есептейді, деп хабарлады paryz.kz.

Тоқаевтың айтуынша, Мәжіліс пен мәслихатқа "тәртіпті адамдар" келген.

"Соңғы сайлау саяси бәсекелестіктің артуына оң әсер етті. Мәжіліс пен мәслихаттарға тәртіпті де парасатты адамдар келді. Біз бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік", - деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы парламенттік оппозиция институты шағын саяси күштердің рөлін айтарлықтай күшейтетінін айтты.

"Осылайша, біз көппартиялықты дамытуға және елдегі парламентаризмді нығайтуға елеулі серпін бердік", - дейді Тоқаев.