Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бейпартиялық байқаушылар сайлауда 11 заңбұзушылықты анықтаған

"Менің қолымда барлық ауди-видео версиялар бар. Есептің аяқ жағында қандай ұсыныстарымыз бар, соларды әлі де бірқатар заңнамаға қосу керек екен..." - дейді орталық басшысы.

Бейпартиялық байқаушылар сайлауда 11 заңбұзушылықты анықтаған
фото: inbusiness.kz

Бейпартиялық байқау орталығы Мәжіліс пен мәслихат сайлауы кезінде 11 заңбұзушылықты анықтады. Басым бөлігі техникалық сипатта болған. Бұл туралы орталық басшысы Бану Нұрғазиева мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Петропавлда байқаушылардың бірі сайлау учаскесінде түсірілген фотосурет пен бейнежазбаларды жариялаған. Оның мұндайға заң бойынша құқығы жоқ дейді Бану Нұрғазиева. Ал Жаңаөзен қаласында мас халдегі азамат дауыс беріп болған соң, бюллетень жәшігін әдейі сындырып тастаған. Сондай-ақ Ақтөбеде белгісіз азаматтар өздерін сайлау комиссиясының мүшесі немесе байқаушы ретінде таныстырып, бөлімшеге кірмек болған. Оралда да байқаушылардың бірі сайлау комиссиясына өрескел мінез-құлық көрсеткен.

"Орталықтың бүгін жұмысы бітпейді. Дайындықтан бастап, біз есеп дайындап жатырмыз. Менің қолымда барлық ауди-видео версиялар бар. Есептің аяқ жағында қандай ұсыныстарымыз бар, соларды әлі де бірқатар заңнамаға қосу керек екен. Оны көріп отырмыз. Енді соны әрбір бұқаралық ақпарат құралдарына, елшіліктерге жіберуге тырысамыз", - деді сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы Бану Нұрғазиева.