Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атырау облысында Сайлау деген есім қыз балаға қойылды

"Төртінші қызымызға барлығы үшін маңызды күнмен байланысты ат қойдық", - дейді анасы.

Атырау облысында Сайлау деген есім қыз балаға қойылды
фото: inform.kz

Сайлау өтіп жатқан 10 қаңтарда түске дейін Атырау облысында 12 сәби дүниеге келді. Соның ішінде бір баланың ата-анасы баланың есімін елдегі саяси оқиғамен байланыстырды, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Осылайша, Атырау облысының тұрғыны Шынар Төлеушова баласының атын Сайлау деп қойды.

"Отбасымызда балаларға мағынасы бар ерекше ат қою дәстүрге айналған. Мысалы, үшінші қызымызды Құралай деп атадық. Ол кез оншақты күн ауа райы құбылатын көктем мезгілі еді. Ол уақытта 2-3 күн қатты жел болып, жаңбыр жауады. Ал бүгін сайлау күні дүниеге келген төртінші қызымызға барлығы үшін маңызды күнмен байланысты ат қойдық", - деді әйел.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сайлау күні Атырау облысында 5 ұл және 7 қыз дүниеге келген.