Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Сайлауда үміткерлердің сенімді өкілдері вирусқа қарсы тексеруден тегін өтеді

Ал сайлаушының дене қызуы 37 градустан жоғары болса, таңдауын арнайы оқшауланған бөлмеде жасайды.

Сайлауда үміткерлердің сенімді өкілдері вирусқа қарсы тексеруден тегін өтеді
фото: inform.kz

Сайлау кезінде қауіптілігі "қызыл" және "сары" аймақтардағы сайлау бөлімшесінде тұрақты жұмыс істейтіндер 5-9 қаңтар аралығында коронавирусқа қарсы тесттен өтуі тиіс, деп хабарлады paryz.kz.

Яғни сайлау комиссиясының мүшелері, байқаушылар және депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерін вирусқа тексеру тегін жүргізіледі. Оған қажетті қаржы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен алынады. Әзірге сомасы белгісіз. Өйткені байқаушылар тізімі әлі де нақтыланып жатыр.

Сондай-ақ сайлау бөлімшесінде дауыс берушілердің температурасы өлшеніп, арақашықтық сақталуы қажет. Ал сайлаушының дене қызуы 37 градустан жоғары болса, таңдауын арнайы оқшауланған бөлмеде жасайды.