Кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етіп, жұмыс берушілердің әлеуметтік кепілдіктер беруіне қоғамдық бақылау күшейтіледі.
Бүгін үміткерлер Берік Бекжанов, Тасқынбай Бүрлібаев, Нұрдәулет Үмбеталиев, Жансері Суетов Шымкент механикалық зауытына барып, жұмысшыларға Nur Otan партиясының республикалық және қалалық бағдарламаларын таныстырып, заңға сәйкес бірқатар сауалға жауап берді.
"Бүгінде қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Қаладағы кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31 пайызды құрайды, бұл әлі де аз. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады. Біз осыған ұмтылуымыз қажет", – деді Тасқынбай Бүрлібаев.
Осы мақсатқа жету үшін «Nur Otan» партиясының бастамасымен:
Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында "Мен кәсіпкер боламын" атты өңірлік іс-шара іске асырылады;
Алдағы 5 жылда 100-ден астам жастар мен әйелдерге жеңілдетілген несие беріледі;
ЖЫЛ САЙЫН 20 АДАМ!
"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы шеңберінде 5 жылда 500 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі.
ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 100 ЖОБА!
"Еңбек" жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында 5 ЖЫЛДА 300 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІНЕ қолдау көрсетіледі.
ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 60 ЖОБА!
Кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етіп, жұмыс берушілердің әлеуметтік кепілдіктер беруіне қоғамдық бақылау күшейтіледі;
Әкімшілік кедергілерді болдырмау үшін «Бір терезе» қағидасы бойынша "Бизнеске арналған Үкімет" жобасы іске асырылады. Нәтижесінде осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 159,4 мың адамға дейін артатын болады.
Сайлау науқанындағы Nur Otan партиясының басты ұраны – "Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!". Бұл ел үшін күрделі кезеңде қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Олар: жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану.
NurOtan - нақты істер партиясы!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Шымкент қаласындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.