Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Жерді сату – анаңды сатумен бірдей": депутаттыққа үміткер Кәпұлы мәселе көтерді

"Біз иттен туып, іннен шыққан жоқпыз", - деді ол.

"Жерді сату  – анаңды сатумен бірдей": депутаттыққа үміткер Кәпұлы мәселе көтерді
Фото: ашық дереккөз

"Ауыл" партиясының мүшесі Дәулеткерей Кәпұлы партиялар арасындағы дебатта жерді сату мен шетелдіктерге жалға беруді түбегейлі тоқтату керек екенін айтты, деп хабарлады paryz.kz, qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

"Партиямыздың басым берген бағыты – жер мәселесі. Жерді сатуды және шетелдіктерге жалға беруді түбірімен тоқтатып, мораторий аяқталғанша, заңмен шегелеп алуымыз керек. Біз иттен туып, іннен шыққан жоқпыз. Жерді сату – анаңды сатумен бірдей. Сондықтан мұны барша халық қолдайды деп ойлаймын" ,  – деді ол.