Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бастауыш партия ұйымдарымен кездесу өтті

Жуырда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Жаңабек Жақсығалиев, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген Шаттық Өтебәлиева қаладағы "БатысЭнергоРесурсы" кәсіпорындағы бастауыш партия ұйымының өкілдері және спорт ұжымдарымен кездесулер өткізді. 

Бастауыш партия ұйымдарымен кездесу өтті
фото: дереккөз

Онлайн түрде өткен басқосуда депутаттаттыққа үміткерлер Nur Otan партиясының бес жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламасы туралы айтып өтті. Сондай-ақ кандидаттар партияның алға қойған жеті басым бағыты туралы баяндап, ел игілігі үшін атқарылатын үлкен істерге тоқталды.

"Жастарға білім беру саласында жұмыс жасағандықтан руханият, білім, тарих, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу біздің басты бағытымыз болмақ. Еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасымыз осыдан бірер жыл бұрын "Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар" атты өз бағдарламасын ұсынуының да өзіндік зор маңызы бар. Елдегі пандемияға орай оқушыларымыз онлайн режимде білім алуға мәжбүр болуда. Сол бағытта алыс елді мекендерге дейін сапалы ғаламтор желісін жеткізу, орта жалпы білім беретін орта мектептер санын көбейтуді Nur Otan партияның өзінің басты басым бағытына алып отыр. Сондай-ақ педогогтардың біліктілігін арттыру, мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау камералармен қамту ісі де қолға алынбақ. Осы жоспарларды баршамыз жұмылып жүзеге асыруға тиіспіз. Сондықтан саяси науқанға тегістей қатысып, жетекші партия мен оның өкілдеріне дауыс беруге шақырамын", - деді Жаңабек Жақсығалиев.

Сонымен қатар Ж.Жақсығалиев өңірдің тарихы мен мақтан тұтатын жерлері, елдегі саясат, көршілес мемлекеттердегі жағдайларға тоқталып өттіп, осы бағыттардағы партияның атқаратын жұмыстарын атап өтті.

Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.