Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елордалықтар Nur Otan партиясына қала өмірін жақсарту туралы ұсыныстарын жеткізді

Қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелердің дені тұрғын үй, кредиттеу, шағын және орта бизнесті дамыту төңірегінде болды. Барлық ұсыныстар мен тілектер ескерілді.

Елордалықтар Nur Otan партиясына қала өмірін жақсарту туралы ұсыныстарын жеткізді
Фото: дереккөз

Елорда тұрғындары Nur Otan партиясына қала өмірін жақсарту туралы ұсыныстарын жеткізді. Айтылған пікірлерді партия атынан мәслихат депутаттығына үміткерлер назарға алды. Үгіт-насихат барысында кандидаттар қала тұрғындарымен жолығып, елордалықтардық көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

"ҚР Мәслихатына кандидат Ғабит Сатмағамбетов: "Елорда тұрғындарымен кездесу барысында оларға риза болдым. Әрбір қала тұрғыны, ел астанасының тағдырына немқұрайлы қарамайтыны қуантады. Болашақта халық қамы үшін пайдалана алатын көп ақпаратпен осы жүздесулер барысында таныс болдым. Халықпен етене араласқан сайын, олардың мұң-мұқтажын, ұсыныстарын, пікірлерін біліп, өзіме түртіп аламын" -деді.

Қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелердің дені тұрғын үй, кредиттеу, шағын және орта бизнесті дамыту төңірегінде болды. Барлық ұсыныстар мен тілектер ескерілді.

Еске сала кетейік, бір ай ішінде партияның барлық жақтастары, депутаттыққа кандидаттар, сондай-ақ белсенділер үгіт жұмыстарын жүргізеді, олар 2021 жылғы 8 қаңтарда сағат 00.00-де аяқталады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді. Нұр-сұлтан қаласы бойынша дауыс беру 248 ашық сайлау учаскесінде өтеді, онда 683 мың сайлаушы дауыс беретін болады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.