Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Nur Otan партиясынан мәслихатқа үміткерлер жастарды жұмыспен қамту мәселесін көтерді

Еске сала кетейік, бір ай ішінде партияның барлық жақтастары, депутаттыққа кандидаттар, сондай-ақ белсенділер үгіт жұмыстарын жүргізеді, олар 2021 жылғы 8 қаңтарда сағат 00.00-де аяқталады.

Nur Otan партиясынан мәслихатқа үміткерлер жастарды жұмыспен қамту мәселесін көтерді
Фото: дереккөз

Nur Otan партиясынан қалалық мәслихатқа үміткерлер жастарды жұмыспен қамту бойынша мәселе көтерді. Бұл туралы бүгінгі кандитаттардың жастармен өткен отырысында талқыланды.

Онлайн кездесу барысында «Jas Otan» ЖҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының жетекшісі Бақдаулет Болатұлы қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде өз ұсыныстарын атап өтті:

«Адам өз күші жететін, өзі жасай алатын уәделерді беруі тиіс. Мен көп жағдайда жастармен жұмыс жасайтындықтан, оларға көп қолдау жасағым келеді. Оларға баспана, университеттердегі жатақхана, уақыттарын тиімді өткізу мәселелері бойынша қолдауымды білдіргім келеді».

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға арналған бағдарламасы таныстырылып, мақсаттары көрсетілді. Оның ішінде елордамызға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Толығырақ Jas Otan ЖҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жетекшісінің бірінші орынбасары Мағзум Арсланбек: «Біз елордамыздағы қолжетімді баспана және қоғамдық көлік мәселелерінің жетіспеушілігіне аса мән беріп отырмыз. «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылдағы бағдарламасы бойынша бұл мәселелерді алдағы уақытта өз бақылауымызға алып, осы бағыттарда жұмыс жасайтын боламыз"- деді.

Кездесуде бой көрсеткен кандиттар Талғат Мамыканов пен Налшыбек Асхатта партияның сайлауалды бағдарламасына қатысты пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.

Еске сала кетейік, бір ай ішінде партияның барлық жақтастары, депутаттыққа кандидаттар, сондай-ақ белсенділер үгіт жұмыстарын жүргізеді, олар 2021 жылғы 8 қаңтарда сағат 00.00-де аяқталады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді.

Нұр-сұлтан қаласы бойынша дауыс беру 248 ашық сайлау учаскесінде өтеді, онда 683 мың сайлаушы дауыс беретін болады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.