Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер спортшылармен кездесті

Сонымен бірге спортшылар кәмелет жасқа толған соң спорт мектебінде тегін жаттыға алмайды. Ал кәсіби спорт мектебіне қабылдану үшін тағы бірнеше талапты орындауы тиіс. Екі ортада қалған жастардың көбі тұрмыс қамымен отбасын асырау үшін жұмысқа орналасып, спорттан қол үзеді. Сол үшін де оларды қолдау жолын қарастырып, байрақты бәсекеге қатысатын жастардың әлеуметтік жағдайын жасау қажет. Бұл да жаттықтырушылардың ұсынысы.

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер спортшылармен кездесті
Фото: дереккөз

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер спортшылармен кездесті Nur Otan партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Баян Сәрсенбина, Ермек Имантаев және Асқар Қыстаубаев ұлттық спорт түрлері бойынша балалар және жасөспірімдер мектебінің ұжымымен кездесті.

Жаттықтырушылар мен спортшылардың ұсынысын тыңдады. Ақтөбе облысы бойынша ұлттық спорт түрлері мектебінде 400-ге жуық бала мен жасөспірім жаттығады. Олар қазақша күрес, тоғызқұмалақтан өзге ат спортының аударыспақ, теңге ілу, көкпар, жамбы ату түрлері бойынша шеберлігін шыңдап жүр. Қазақстан біріншілігіне қатысатын спортшылар да осы мектепте дайындалады. Мұндағы 14 жаттықтырушының бәрі спорт шебері. Мектептің материалдық-техникалық базасы жақсы. Екі жабық манеждің бірі туа бітті сал ауруына шалдыққан балалардың ем-домына арналған. Екіншісінде спортшылар кәсіби біліктілігін арттырып жүр.

директоры Бахтияр Төлеуовтың айтуынша, барлығы 40 ат мектеп иелігінде. Nur Otan партиясы атынан Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлермен кездесуде жаттықтырушы Бақтыбай Қисықов өз ұсынысын айтты.

«Ұлттық спорт дамып келеді. Дегенмен Ақтөбе облысы бойынша әлі де кенже қалған сала бар. Біз, жаттықтырушылар, түрлі сала бойынша спорт федерацияларының өңірдегі төрағалары депутаттар болғанын қалаймыз. Сол кезде жергілікті жердегі ақсап тұрған тұсымызды қайта қарап, дамытуға мүмкіндік болады», - деді ол.

Сонымен бірге спортшылар кәмелет жасқа толған соң спорт мектебінде тегін жаттыға алмайды. Ал кәсіби спорт мектебіне қабылдану үшін тағы бірнеше талапты орындауы тиіс. Екі ортада қалған жастардың көбі тұрмыс қамымен отбасын асырау үшін жұмысқа орналасып, спорттан қол үзеді. Сол үшін де оларды қолдау жолын қарастырып, байрақты бәсекеге қатысатын жастардың әлеуметтік жағдайын жасау қажет. Бұл да жаттықтырушылардың ұсынысы.

«Бұл ұсыныстарыңызды қабылдаймыз. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында спорт инфрақұрылымын кеңейту бағаттыры қамтылған. 2022 жылы Ақтөбе қаласында жеңіл атлетика манежі салынып, 2023 жылы шаңғы базасының құрылысы жүргізіледі. Жыл сайын 10 көпбейінді корт орнатылады. Барлық аудан шағын спорт алаңы, стрит-воркаут, хоккей корты бой көтереді. Бұл шаралар 2025 жылға қарай дене шынықтыру және спортпен айналысатын халықтың үлесін 31,8 пайыздан 36 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік болады. Спортшыларды «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырамыз. Біз бір болсақ, кез келген түйіткілді мәселені шеше аламыз», - деді үміткер Баян Сәрсенбина.

Кездесу кезінде үміткерлер Ермек Имантаев пен Асқар Қыстаубаев спортшылардың еңбегін бағалайтынын, Nur Otan партиясының бағдарламасын іске асыру кезінде тек кәсіби емес, бұқаралық спорттың дамуы жолында бірқатар міндет жүктелгенін айтты.

«Біздің ұранымыз – қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз. Ал жеңіс біз алға қойған мақсат пен міндетті орындауға берілетін мүмкіндік. Партияға дауыс беріңіз!» - деді Ермек Имантаев.

Nur Otan партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.