Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбеде "Nur Otan" партиясының үміткерлері ауыл тұрғындарымен кездесті

Ауыл халқын газ, су мен жол мәселесі алаңдатады. "Nur Otan" партиясының Ақтөбе облысы бойынша сайлауалды бағдарламасында дәл осы инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілген. Алдағы бес жылда барлық ауылға су құбыры тартылып, тірек елдімекендер газдандырылады. Барлығы 2 мың шақырым жол күрделі және орташа жөндеуден өтеді.

Ақтөбеде "Nur Otan" партиясының үміткерлері ауыл тұрғындарымен кездесті

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрлан Давлетов бүгін Алға ауданының тұрғындарымен онлайн кездесті. Үміткер еліміздің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған басымдықтарға тоқталды.

"Партия барлық азамат үшін ашық. Біз өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз және ұсыныстарды қолдауға дайынбыз. Өзімізге артылған сенімді бағалаймыз және кез келген мақсатқа бірге жететінімізге сенімдіміз. Біз кәсіпкерлерді қолдап, лайықты жалақысы бар жаңа жұмыс орындарын ашамыз.  Алға ауданы бойынша жұмыссыздықты 4,9 пайыз деңгейінде ұстап, 2025 жылға қарай орташа жалақыны кем дегенде 135 мың теңгеге жеткізу көзделді.  Бұл үшін жыл сайын кем дегенде 880 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланды. "Бизнестің жол картасы 2025", "Еңбек" мемлекеттік бағдарламалары арқылы нақты іске қол жеткіземіз. Жыл сайын кемінде 65 адамды қысқа мерзімді оқыту және қайта даярлауға жібереміз", - деді Нұрлан Давлетов.

Экономикада шағын және орта бизнестің салмағы басым. Салық түсімін арттырып, тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында кем дегенде 10 жобаның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, 6 жоба бойынша қосымша кепілдеме беру, 6 жобаның инфрақұрылымын қаржыландыру жоспарланды.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай 4,2 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 2,1 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Кездесу кезінде ауыл тұрғыны Тоқмансайға газ құбырын жеткізу жұмысын жеделдетуді сұрады.

"Nur Otan" партиясы 2025 жылға дейін халықты сапалы ауыз сумен, сондай-ақ ауылдардың жартысын газбен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні Алға ауданында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 56,7 пайызға, газбен жабдықтау - 66,7 пайызға жетті. 2020 жылы Нұрбұлақ, Жерұйық, 2022 жылы Көктоғай, Тікқайың, Қайыңдысай, Тоқмансай ауылдарына су құбыры тартылады", - деді үміткер.

"Nur Otan" партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.