Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Медицина қызметкерлері Nur Otan партиясына жаңа бағдарлама ашуды ұсынды

Еске сала кетейік, бір ай ішінде партияның барлық жақтастары, депутаттыққа кандидаттар, сондай-ақ белсенділер үгіт жұмыстарын жүргізеді.

Медицина қызметкерлері Nur Otan партиясына жаңа бағдарлама ашуды ұсынды

Бұл туралы "Nur Otan” партиясынан мәслихат депутаттығына үміткерлерлердің медицина қызметкерлерімен өткен жиналысында айтылды. Жас дәрігерлер жастар үшін жеке тұрғын үй бағдарламасын құруды ұсынды.

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына үміткерлер Утебаева Мария, Табулдина Алтыншаш, Дженалаева Салтанат және Уразалина Динара сынды медицина саласының үздіктері бұл бағдарламаны партияға ұсынуды қолға алды.

"Медицина кадрларын әлеуметтік қолдаудың маңызы зор. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне арналған жатақханалар салу, жыл сайын 300 жас маманды қаланың медициналық ұйымдарына жұмысқа орналастыру, сондай-ақ еліміздің және шет елдердің жетекші ғылыми орталықтарында 13 мың медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру жоспарда бар"- деп үміткер Мария Утебаева партияның сайлауалды бағдарламасын ұсынды.

Ал кандидат Салтанат Дженалаева 300 мың тұрғынды қамтитын "Үй жанындағы дәрігер" жобасын түсіндіріп өтті. Үміткер осы сынды екі бағдарламаны іске асырған. Еске сала кетейік, бір ай ішінде партияның барлық жақтастары, депутаттыққа кандидаттар, сондай-ақ белсенділер үгіт жұмыстарын жүргізеді. Олар 2021 жылғы 8 қаңтарда сағат 00.00-де аяқталады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді. Нұр-сұлтан қаласы бойынша дауыс беру 248 ашық сайлау учаскесінде өтеді, онда 683 мың сайлаушы дауыс беретін болады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.