Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Бүгін депутаттар сайлауының үгіт-насихат жұмыстары басталды

Сондай-ақ заң бойынша сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге кімдерге тыйым салынғаны айтылды.

Бүгін депутаттар сайлауының үгіт-насихат жұмыстары басталды
фото: ашық дереккөз

Бүгін сағат 18.00-де Мәжіліс мен мәслихаттар сайлауы бойынша үгіт-насихат жұмыстары басталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова хабарлады, деп жазды paryz.kz.

"Сайлау алдындағы үгіт бүгін, сағат 18.00-де басталып, 2021 жылы 9 қаңтар, сағат 00.00-ге дейін жалғасады", - деді Анастасия Щегорцова.

Сондай-ақ ол заң бойынша сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге кімдерге тыйым салынғанын еске салды.

Тағы оқи отырыңыз: Қазірдің өзінде сайлау заңнамасын бұзудың 30 фактісі тіркеліп отыр

"Атап айтқанда, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына үгіт жүргізуге тыйым салынған. Сонымен қатар үгіт жұмыстарын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери қызметшілері, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен судьялар жүргізе алмайды. Бұл санатта сайлау комиссияларының мүшелері, діни бірлестіктер, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдар бар", - деді комиссия мүшесі.