Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазірдің өзінде сайлау заңнамасын бұзудың 30 фактісі тіркеліп отыр

"Бұған дейін айтылғандай, "тыныштық күні" үгіттеу мақсатында БАҚ-қа кез келген материалды жариялауға тыйым салынады", - деді Кемелбек Ойшыбаев.

Қазірдің өзінде сайлау заңнамасын бұзудың 30 фактісі тіркеліп отыр
фото: дереккөз

Электоральды кампания алдында елімізде сайлау заңнамасын бұзудың 30 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев толығырақ айтып берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Жалпы, қоғамдық пікірге сауалнаманы тиісті талаптар бойынша, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына хабарлаған ұйымдар ғана жүргізе алады. БАҚ сауалнама жүргізетін адамдарды және оған тапсырыс берген адамдарды көрсетуі керек. Электоральды кампания алдында бұл бағытта біз сайлау заңнамасын бұзудың 30 жағдайын тіркедік. Оған қатысты материалдар тиісті органдарға жолданды", - деді Кемелбек Ойшыбаев.

Вице-министр сонымен қатар қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижесін жариялау тәртібіне де тоқталды.

"Қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнаманың нәтижесі, сайлау нәтижесіне байланысты болжамдар, басқа да зерттеулер дауыс беру күніне 5 күн қалғанда және дауыс беру күнінде жарияланбауы тиіс. Бұған дейін айтылғандай, "тыныштық күні" үгіттеу мақсатында БАҚ-қа кез келген материалды жариялауға тыйым салынады", - деді Кемелбек Ойшыбаев.