Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Биліктің өтіріктерінен шаршаған Әубәкіров сайлауға бармайтынын айтты (ВИДЕО)

"Назарбаев ашқан бір зауыт істеді ме? Айтыңызшы маған! Табыңдаршы Қазақстаннан! Сол кісі барып лентасын қиып, кнопкасын басқан... ол кісі бұрылды, кетті, бәрі жабылды. Неге ешкім тексермейді?" - дейді ол.

Биліктің өтіріктерінен шаршаған Әубәкіров сайлауға бармайтынын айтты (ВИДЕО)

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров Қазақстанда шындық жоқ екенін, саясаттан әбден көңілі қалғанын жеткізді. Сол үшін ол ешқандай сайлауға да бармайды екен, деп жазды paryz.kz.

Бұл туралы ғарышкер журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

"Үкіметте де, басқа жерде де басшылар тек өзінің пайдасына жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда бүкіл жерде өтірік. Үкімет отыз жыл бойы тек өзін-өзі мақтаумен, өзін жарнамалаумен айналысып жатыр... Назарбаев ашқан бір зауыт істеді ме? Айтыңызшы маған! Табыңдаршы Қазақстаннан! Сол кісі барып лентасын қиып, кнопкасын басқан. Ол кісі бұрылды, кетті, бәрі жабылды. Неге ешкім тексермейді? Солай біз бүкіл дүниежүзіне өтірікті соғамыз", - деді Тоқтар Әубәкіров.

Сондай-ақ, Халық қаһарманы өзінің сайлауға неге бармайтынын түсіндірді.

"Партия мен Парламенттен әбден көңілім қалған. Сайлауға бармаймын. Неге десеңіздер, сайланған кісі партия не айтты соны айту керек, соны қолдау керек. Өз ойын, өз пікір жариялай алмайды. Ол менің ойыма сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта басқа Парламентті жинау керек. Мынау қырғыздар бізге үлкен үлгі болып отыр. Халық Парламентін жинау керек. Бұрынғы уақытта халық өз өкілдерін өздері сайлайтын. Қандай у-шу болса да халық өз адамдарын жіберетін, сонда ғана олар халықтың мүддесін қорғайды. Сонда ғана ақиқат ашылады", - деді ғарышкер.