Қоғам
Шымкент қаласы еліміздегі ірі туристік орталықтардың бірі
Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқарма­сы негізінен төрт бағытта жұмыс істейді. Оның біріншісі – туризмді дамыту. Екінші – маркетингті ілгерілетуі. Үшінші бағыт – сыртқы байланыстар. Және ең соңғысы – креативті индустрия. Бұл қызмет аталған басқармаға қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қосылды. Бүгінгі таңда, Шымкент қалалық мәслихаты басқарма атауын өзгерту бойынша шешім шығарған. Енді туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы болып аталады, деп хабарлайды Paryz.kz.