Қоғам
Ұялы операторлар қанайды, билік бей-жай "футбол" ойнайды
Ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарларды өз бетінше өзгертіп, қымбаттатуы халықтың ашуын туғызып жатыр. БАҚ берген пиар-сұхбатында еліміздегі цифрландыруға қатыстының бәріне жауапты бас шенеунік тосын мәлімдеме жасады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің өзінен сөз естіген соң, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин секторды былық жайлағанын мойындап, саланы шіріткен іріңді "жараларын" ашып көрсетіп, оларды жоюдың жолын көрсету орнына, ескі әнге басты деп жазады Рaryz.kz inbusiness.kz сілтеме жасап.