Қоғам
Заман талабына сай бейбітшілік аспанындағы тәуелсіз мемлекет
Бүгінде Қазақстанда әлемдік қоғамдастықта жоғары баға алған этносаралық келісімнің өзіндік моделі қалыптасты. Ұлттық саясаттың басты құралдарының бірі 1995 жылы құрылған, 818 этномәдени бірлестіктерді біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА). Сондай-ақ, 2003 жылдан бастап елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізіліп келеді, оған көрнекті дін қайраткерлері мен түрлі конфессиялардың өкілдері қатысуда.