Қоғам
«Видео монтаждалған»: Түркістан облысында қамаудағы 6 полицейдің туыстары әділдік іздеп жүр
Түркістан облысында полицияның алты қызметкері сотталып жатыр. Сауран аудандық полиция бөлімінің бір топ қызметкеріне азаптау бабы бойынша айып тағылған. Ал қамауда отырған экс-полицейлердің туыстары бұл барып тұрған әділетсіздік деп санайды. Өйткені, екі қой ұрлап ұсталған азамат өздерінің әрекеттерін мойындаған. Тіптен, малдың иесіне өтемақыны да төлеп, кешірімін де алған, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.