Новости Казахстана
Шымкентте басқарма басшысы 13 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент бойынша департаментінің басшысы Дәурен Серғазин өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.