Общество
"Нақты қай кітаптан оқығаным есімде жоқ": Абдулахад Сманов жұмақтағы хор қыздары туралы уағызына түсінік берді
Бұған дейін Абдулахад Смановтың "пейіштегі хор қыздары" туралы айтқан уағызы көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Абдулахад - Қазақстандағы әйгілі уағызшылардың бірі, 2020 жылы пандемия кезінде дүниеден озған Әбдіғаппар Смановтың інісінің ұлы. Бүгінде ол ҚМДБ жанындағы "Талаба" студенттер қауымдастығының Сауд Арабия Корольдігі бойынша өкілі қызметін атқарады. Смановтың 2017 жылы айтқан уағызына түсінік берген ҚМДБ мұны негізі жоқ "хадиске" сүйеніп айтқанын мәлімдеген. Stan.kz тілшісімен тілдескен Абдулахад Сманов бұл уағызды неге сүйеніп айтқанын сондай-ақ оны айтудағы мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz.