Общество
Сандықтаулық кәсіпкер сүт өнімдерін өңдеуді қолға алмақ
Сандықтау ауданы, Веселое ауылында жыл соңына қарай сүт өнімдерін өңдейтін жаңа кәсіпорын ашылмақ. Жаңа зауытты іске қосуды «Байдалы-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Марат Оразалин Амангелдіұлы өз қолына алмақ. 7 жылдан бері аталған серіктестікті басқарып келе жатқан кәсіпкер ауылдың көркейіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесін осылайша қоспақ, деп хабарлайды Paryz.kz.