Общество
InCruises клубы тағы дауға ілікті
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 29 қарашада қаржы пирамидаларының "қара тізімін" жаңартты.
Агенттік азаматтардың, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында қызметін алаяқтық жолмен жүзеге асыратын ұйымдар, соның ішінде іс-әрекеттеріне қазақстандықтар тарапынан шағымдар түскен ұйымдар бойынша ақпаратты тұрақты негізде жаңартып отырады.
Сонымен, бүгінде Қазақстандағы "Жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізіміне" 221 ұйым кіреді. Салыстырсақ, биылғы шілдеде осы тізімде 158 фирма болыпты. Былтырғы қазанда, яғни алғаш рет есепке алынғанда олардың саны 121 ғана болатын, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.