Бессайыстан биылғы әлем біріншілігі өтпейді

Алғашында турнир 25-31 мамыр аралығында Қытайда өтуі тиіс болған.

Бессайыстан биылғы әлем біріншілігі өтпейді

 

Халықаралық бессайыс одағы биылғы әлем чемпионаты өтпейтінін мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.  Бұл туралы 28 қыркүйекте өткен отырыста белгілі болды. 

Кейін халықаралық одақ турнирді 30 қараша мен 8 желтоқсан аралығында Мексиканың Канун қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.

Алайда әлемдегі індетке байланысты әлемдік дода өткізілмейді.