Астанадағы «Барыс Арена» мұз айдыны коронавирусқа байланысты карантинге жабылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін «Барыс» хоккей клубы 17 қыркүйек күні Құрлықтық хоккей лигасында алдағы бірнеше ойынның кейінге шегерілгенін хабарлаған болатын. Себебі команда ойыншыларынан коронавирус инфекциясы анықтады.
ҚХЛ ақпараты бойынша, командада 12 адам вирус жұқтырып алған.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Барыс Арена» алдағы сенбі, яғни 26 қыркүйекке дейін жабылған. Мұз айдынында барлық жаттығулар тоқтатылған. Клубтың қызметкерлері жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бірақ олар қазір қашықтықтан жұмыс істеп жатыр.