Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Азия чемпионаты: Ғалия Тынбаева қола жүлдегер

Тайланд астанасы Бангкокта дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Азия чемпионаты: Ғалия Тынбаева қола жүлдегер
Фото: Дзюдо федерация

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының төрт бірдей спортшысы қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Әйелдер арасында 48 келі салмақта бақ сынаған Ғалия Тынбаева қола медаль олжалады.

Ол қола медаль үшін тайпейлік Чен Хао Линнен айласын асырды. Бұл Тынбаеваның Азия чемпионатында алған екінші жүлдесі.

Бұған дейін ол 2024 жылы Гонконгта қола медаль жеңіп алған еді.