Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы екі ойыны өткізіледі, деп хабарлайды paryz.kz.
Екі кездесу де Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады. Жарыстың аталған сатысындағы кездесудің бірінде «Бавария» (Германия) мен «Интер» (Италия) шеберлік байқасады.
Бұл ойын «Qazaqstan» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Ал тағы бір жұпта «Арсенал» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) кездесуі белгіленген.
Аталған ойынды қазақстандық жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.