Астанада өтіп жатқан «Battle of the Brave» бокс кешінде өнер көрсеткен орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) чемпиондық белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды paryz.kz.
Боксшымыз франциялық Анауэль Нгамиссингемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған.
Алайда бесінші раундта франциялық боксшы Жәнібектің ауыр соққысынан кейін жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Сөйтіп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты. Нәтижесінде Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында 17-ші рет жеңіске жетіп, қос чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалды.