Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті.

Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесті. 

Нәтижесінде Нұрқожа Қайпанов 2:1 есебімен басым түсті.