Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шавкат Рахмоновтың чемпиондық титулға не үшін төбелеспейтіні белгілі болды

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов мамырда жоспарланған чемпиондық жекпе-жекке шыға алмайтын болды. Әлем чемпионы – америкалық Белал Мухаммад титулын қорғау үшін қазақпен емес, аустралиялық Джек Делла Маддаленамен төбелеседі.

Шавкат Рахмоновтың чемпиондық титулға не үшін төбелеспейтіні белгілі болды
Vesti.kz

Осы жаңалықтан кейін Шавкат Рахмонов жанкүйерлеріне үндеу жасап, UFC-дің неліктен мұндай шешім қабылдағанын түсіндірді.

«Маған чемпиондық титул үшін төбелесуге бірінші ұсыныс жасағаны үшін UFC-ге рахмет. Өкінішке қарай, жарақатыма байланысты мен мамыр айына дейін жекпе-жекке шығуға дайын болмаймын. Екеуінің қай жеңгенімен биыл кездесемін», - деп жазды Шавкат әлеуметтік желіде. Осылайша, Белал Мухаммад пен Джек Делла Маддалена 10 мамырда жекпе-жекке шығады. Мұны UFC ресми растады.