Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Мен болмасам, Ресейде картоп теріп жүрер едің, мисыз»: Рыбакинаны қорлаған жаттықтырушы жазаланды

WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) хорват маманы Стефано Вуковқа қатысты тергеуді аяқтап, оны психикалық қысым көрсеткені үшін бір жылға тенниске байланысты барлық қызметтен шеттету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Мен болмасам, Ресейде картоп теріп жүрер едің, мисыз»: Рыбакинаны қорлаған жаттықтырушы жазаланды
Фото: ktf.kz

Бұл туралы The Athletic басылымы жазды.

Тергеу барысында Вуковтың Елена Рыбакинаға психикалық және физикалық қысым көрсеткені анықталды. Ол спортшыға ауыр сөздер айтып, «менсіз сен Ресейде картоп теріп жүрер едің, мисыз» деп қорлаған. 

Сонымен қатар, Australian Open кезінде Вуков пен Рыбакинаның бір бөлмеде тұрғаны да белгілі болды. 2024 жылы Елена Рыбакина Вуковпен серіктестігін тоқтатты. Сол кезеңде Вуковтың WTA этика кодексін бұзғаны үшін шеттетілгені белгілі болды. Соңғы турнирге дейін Елена жаңа бапкер ретінде атақты хорват маманы Горан Иванишевичті шақырды. Бірақ 2025 жылдың қаңтарында ол Вуковты қайтадан командасына қосты, ал Иванишевичпен келісімшарт сол айдың соңында аяқталды.