Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қазақстандық спортшылар фристайл-акробатикадан қола жүлдегер атанды

Фристайл-акробатикадан Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Paryz.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар фристайл-акробатикадан қола жүлдегер атанды
Фото: olympic.kz

Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде үшінші нәтиже көрсетті. Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленді. Екінші орынға да қытайлық спортшылар жайғасты.

Осылайша, фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар.

Бұған дейін Аяна Жолдас жекелей сында қола жүлде алса, аралас команда күміс медаль жеңіп алған болатын.