Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып отандық маман Әли Әлиев тағайындалды.
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Әли Ханалиұлы 1980 жылы 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Футболшы мансабында «ЦСКА-Қайрат», «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Шығыс», «Ордабасы» және «Қызылжар» клубтарында ойнады. Сондай-ақ Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиеспор», «Карталспор» және «Диарбакырспор» командаларында өнер көрсеткен.