Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол бұл айналымда украиналық теннисші, әлемнің 33-ракеткасы Даяна Ястремскаямен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Рыбакина матч кезінде екі эйс жасап, екі қос қателік жіберді және 11 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді.
Енді ол төртінші айналымда америкалық теннисшілер Мэдисон Киз бен Даниэль Коллинз арасындағы мачтың жеңімпазымен кездеседі.